Алатаудағы Денсаулық фестивалі Тәуелсіздік күні мен ауданның 10 жылдығына арналды

Алатау ауданының денсаулық сақтау мекемелері аудан әкімдігінің және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен «Скандинавиялық жүріс» фестивалін өткізді. Денсаулық фестиваліне «Алматы Арена» кешені мен «Химфарм» АҚ қолдау көрсетті. Бүгінгі таңда кең етек алған «Скандинавиялық жүрістен» «Еуразия» жүру мектебінің жаттықтырушысы М.Прощенко шеберлік сабағын өткізіп, қыр-сырын түсіндірді.

 Нұрлан СҮЙІН

Фестиваль алғаш рет бұқаралық сипат алып, 200-ден астам адам қатысты. Қатысушылардың 150-і медицина қыз­меткерлері болса, қалғандары ауданда «Салауатты өмір салтын» насихаттап жүрген бюджеттік мекемелер, әкімдік қыз­меткерлері мен аудан ардагерлері болды.

Көпшілікке бұрын онша таныс емес «Скандинавиялық жүріспен» бүгінде әлем бойынша 20 миллион­нан астам адам айналысады. Ма­мандар бұның екі себебін келтіреді. Қолжетімділік пен тиімділік.

Денсаулыққа аса пайдалы «Скан­динавиялық жүріспен» жыл бойы айна­лысуға болады.

Спорттық жүрістің бұл түрі  қан айналымын жақсартып, нерв жүйесіне жағымды әсер етеді, иммунитетті көтеріп, ішкі органдардың жұмысын жақсартады екен. «Скандинавиялық жүріспен» жүйелі айналысқан адамдар сергек, белсенді, денсаулығы мықты, жайдары, моральдық және рухани дүниесі дамиды.

Салауатты өмір салтына бастайтын «Скандинавиялық жүріс» денсаулық фестивалі Алатау ауданында бастау алды. Жетінші ауданда басталған салауаттылық іс-шарасы мегаполистің басқа аудан­дарында жалғасын табады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *