ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖҰМЫС ҚАЙНАП ЖАТЫР

Байқасаңыздар, қазір қала көше­лері жаппай жөнделіп жатыр. Мысалы, таңертең мен жұмысқа шық­қанда ауламызда, сосын үйі­міздің жанындағы Төле би көше­сінде, одан қалды, жұмысқа жете бергендегі Абай мен Байтұр­сын­ұлы, Абай мен Масаншы көше­лерінде жөндеу жұ­мыс­­тары ша­рық­тау шегіне жеткенін күнде көріп жүрмін.

Үстіміздегі жылы қаламызда жалпы ұзындығы 160 шақырымнан асып кететін 150-дей көшенің жөндеу көретіні белгілі. Сондай-ақ, шаһардағы барлық жерасты өткелдері де толық жөнделеді деп күтілген. Бұдан басқа, үстіміздегі жылы 600-ден астам аулалардың  да толық жөнделетіні жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы мегаполисте жалпы ұзындығы 12 шақырым болатын жылу желілері жөнделмек. Атап өтетіні, өткен жылы шаһарда 500 аула, 800 шақырымды құрайтын инженерлік желілер, оның ішінде 313 шақырым су құбыры, 266 шақырым кәріз желісі, 150 шақырым электрмен қамтамасыз ету және 32,3 шақырым жылу желісі жаңадан салынған немесе қайта күрделі жөндеуден өткен.

Наурызбай ауданының әкімдігі мен «Қалқаман» ықшамауда­нындағы Абай көшесінің арасын қосу үшін 305 жер телімін алу керек болады. Бұдан басқа, ауданда кем дегенде, құны 15-20 млрд. теңге болатын 133 жер телімі қарас­тырылып отыр. Одан бөлек, қазірдің өзінде Алтынсарин даңғылындағы ұзын­дығы 2,8 шақырым болатын жерасты газ құбырының құрылысы аяқталып үлгерді.

Қорыта айтқанда, қазір қала көшеле­рінде жөндеу жұмыстары қайнап жатыр. Ал олардың барлығын аяқтау, сосын ол жерлерде жаяу жүргіншілер жолын салу мен көріктендіру жұмыстары жүргізіледі деп күтілген. Бұл жұмыстарды бітіру мезгілі алдымыздағы қыркүйек айы деп белгіленіп отыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *