Алғыс айту арқылы түсіністік, сыйластық, татулық орнайды

images

Құттыбек АЙМАХАН

Кеше елімізде осымен екінші рет «Алғыс айту» күні аталып өтті. Өйткені, естеріңізде болса, былтырғы жылы 14 қаңтарда Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың Жарлы­ғымен Қазақ­станда 1 наурыз –Алғыс айту күні болып жарияланды. Соған орай Алматы қаласының Бостан­дық ауданында бұл мереке кең көлемде аталып өтті. Бұл ретте, осыған арналған негізгі мерекелік шара аудан әкімдігінде ұйымдас­тырылып, оған аудандағы көп­балалы отбасылар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған зейнет­керлер, сондай-ақ, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері мен Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Мерекелік шараны Бостан­дық ауданы әкімінің орынба­сары Саят Ағыбаев сөз сөйлеп ашып, бұл күні Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт өкілдері бір-біріне және өздеріне бақытты өмір сыйлаған қазақ халқына Алғыс айтулары керек екенін тілге тиек етті. Одан кейін, осы аудандағы №3 Оқу­шылар үйінің жас өнерпаз­дарының күшімен қойылған концерттік бағдарлама көрсе­тілді. Бұл ретте әдемі қойылған концерт қазақ әндерімен бас­талып, одан әрі орыс, украин, молдован, өзбек және басқа ха­лықтар билеріне ұласты да, оның соңында «Ата­мекен» әні­мен сахна шымыл­дығы жабыл­ды.

Жалпы, Бостандық ауданы Алғыс айту күнін зор қуаныш­пен мәнді де маңызды іс-шара­лармен қарсы алды. Соның белгісі – бұл күні аудандағы «Rely» компания­сының ұйым­дастыруымен  «Mobіle3DKіno» жобасы аясында «Аманат» атты тарихи фильмі ұсынылды. Соны­мен қатар, мереке шеңберінде кәсіпкерлер көмегімен  моншаға түсу, сән үйлеріне апару және балалар үшін тегін фильмдер көрсету іс-шаралары жүзеге асты. Бұдан әрі аудан аумағын­дағы емханаларда арнайы дәрігерлердің қарауымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, мектептерде «Алғыс айту» кү­нінің мән-мағы­насы түсіндірілді.

Қорыта айтқанда, «Алғыс айту» күнін мерекелеу бары­сында Бос­тандық ауданында түрлі  шаралар ұйымдасты­рылып, олармен аудан­ның 200 мыңдай тұрғыны қамтылған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *