«Аль-Азхарда» Абай орталығы мен қазақ тілі мамандығы ашылады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мысырдағы танымал «Аль-Азхар» университетінде Абай Құнанбаев орталығы мен қазақ тілі мамандығы ашылады

Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев «Аль-Азхар» университетінде Абай орталығын ашуды және оқыту бағдарламасына қазақ тілі мамандығын енгізуді ұсынды. Ректор Мухаммед аль-Махрасауи бұл бастаманы оң қабылдады және өз тарапынан оның жүзеге асуына қолдау көрсететінін жеткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарда атап өтілгендей, бұл бағыттағы жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірге жүргізіледі.

Айта кетейік, қазақстандықтар 2020 жылы мемлекеттік деңгейде ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге дайындалуда.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *