ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА САЛЫНҒАН ҚАРАЖАТ

автоалаяқтың алақанына түсіп отырған 

Қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі Алматыда автокөлік сатудың ерекше сызбасымен айналыс­қан алаяқтың  ұсталғанын мәлім етті.

564 Қылмысын ұдайы жалғастырған 40 жастағы бұл адам қайырымдылық акцияларына қатыс­қан адамдардан ақшалай қаражат жинап, оны бірнеше еселеп қайтарып беруді уәде етіп отырған. Пирамида тәсілі алдымен оған жақын ортада тараған. Алматы облысының (Еңбекшіқазақ ауданы) тумасы «Мицубиси Галант» маркалы автокөлігін арзанға сатып алып, қосалқы бөлшегін бөлектеп саудалаған.

Көліктің ішкі агрегаттық нөмірі бар қаңқаны ұрланған, не болмаса, шет елден заңсыз айда­лып әкелген көліктерге салуға орайластырып қымбат бағаға сатқан.

– Көліктің қаңқасының нарықта үлкен сұранысқа ие екенін білетін күдікті оны шет ел­ден заңсыз әкелінген көліктерге, сондай-ақ, ұрланған көліктерге салу үшін сатқан. Осыған орай, тұтынушыларға көлік алу кезінде осындай алаяқтықтан сақ болуды  ескертеміз,  – дейді қалалық ІІД Криминалды полиция басқар­масының автокөлік ұрлығын әшкерелеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны  Ғалым Тұрысбеков.

– Жәбір көрген адамдардан Б. 15 мың теңгеден алған. Оның 13 мың 600 теңгесін қайырымдылық акциясына қатысу туралы түбіртектің ресми төлемі деп көрсеткен. Алаяқ: «Қайырымдылыққа салынған қаражатты акцияны ұйымдастырушылар жарты жыл не бір жыл ішінде еселеп қайтарып береді» деп азаматтарды алдаған. Оңай ақша табудың жаңа көзі ашылғаны жайлы сыбыс, әсіресе, базар­ларда тез тараған, – деді Алатау аудандық ІІБ басты­ғы, полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.

Бүгінде күдікті алты қылмыстық оқиғаға қатысы барын мойындады. Оның алаяқтық әре­кетінен жапа шеккен 12 адам полицияға хабар­ласып үлгерді. Тергеу барысында күдікті заңсыз жолмен табыс көруді аяқасты ойлап тапқанын айтты.

– Бұған дейін Б. алаяқтығы үшін қылмыс­тық жауапкершілікке тартылғанымен, оған рақым­шылдық жасалған. Тергеу амалдары  бары­сын­да, бұл адамның осыған ұқсас бірталай қыл­мыс­қа барғаны анықталуы мүмкін. Сол себептен,  осындай жолмен алданған болсаңыз, Ала­тау ауданының ІІБ-на мына байланыс телефон­дары арқылы хабарласыңыз: 227-55-04,  227-55-43», – деп сөзін түйіндеді полиция полковнигі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *