ҚАЙТА ТУМАЙТЫН ЖАЛҒЫЗ

«Өмірде ақындардың бәрі жалғыз» деп, Фаризаға мұң шаққан ұлы мұзарт Мұқаға­ли қалай тауып айтқан. Фариза да жалғыз. Жалғыз болғанда қайта тумайтын, қолтаң­басы қайталанбайтын ерекше, ерен жүйрік.

Ұлттық рух пен намыстың биігіне айналған оның өлеңдері бірнеше буынды тәрбиелеп келеді.

Осындай тұлғаға құрмет – елге көрсе­тілген құрмет екені сөзсіз. Кеше Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматыдағы Алатау ауданында ақын атына көше беру рәсімі өтті. Оған белгілі қаламгерлер, өнер адамдары қатысып, сөз сөйледі. Бұдан соң ақынның рухына бағыштап, Құран оқылып, ас берілді.

Ақын атын ұлықтау кешкісін М.Әуезов атындағы мемлекеттік, академия­лық драма театрындағы салтанатпен жалғасты. Кеш үстінде ақынның 80 жыл­дығына орай қала әкімінің құттықтауы оқылды. Салтанатты концертте ақын өлеңдеріне жазылған әндер орында­лып, оған жырдан шашу шашты.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *