ҚЫСТЫҢ СӘНІ –СЫРҒАНАҚ

Жаңа конькилер мен онлайн-билеттер. Almaty Arena және Halyk Arena жаппай сырғанау әуесқойларына барлық жағдай жасадыAlmaty Arena және Halyk Arena көпфункционалды кешендерінде қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаппай сырғанаудың үшінші маусымы басталды. Кез-келген коньки тебу әуесқойлары енді әр сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, мереке кездерінде сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін келіп конькимен сырғанауға мүмкіндік алады. Биыл осы екі аренада сеанстардың саны өсіп, онлайн билеттер сатылымға шықты.  

– Биылғы маусымда біз күніне 4 емес 5 сеанс қылып өзгерттік. Заманауи техни­калар мен қызметкерлердің тәжірибесінің арқасында біз сеанстардың ортасындағы уақытта мұзды тез арада тазалайтын болдық. Оның алдында қарды тазалап, мұз құю бір сағат уақытымызды алатын. Енді бәрі жылдам, – деді Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Нагима Мирзакирова.  Сонымен қатар, оның айтуынша Almaty Arena мен Halyk Arena спорт кешендерінде биыл конькилердің барлығы жаңартылды. Жалға алам десеңіздер тізеқап, шынтаққап және балалардың шлемдері де бар. Осы жылдан бастап 3–10 жас аралығындағы бала­лар шлемсіз мұз айдынына жіберілмейтін болып шешім қабыл­данды. Оның себебі қауіпсіздік ережелердің қатаңдығына байланысты.   Ең басты жаңалықтардың бірі – билеттердің онлайн сатылымы. Енді оны алдын-ала tіcketon.kz, kassіr.kz және zakazbіletov.kz сайттарынан сатып алуға болады.  Нагима Мирзакирова биылғы маусымда арена қонақтарын көптеген қызықтар күтіп тұрғанын да атап өтті. Арасында балалар мен жастарға арналған тематикалық кештер де бар.  Жалпы, осы ареналардың мұз айдындарында әрқашан да қонақтардың көтеріңкі көңіл күйде жүргендерін байқауға болады. Бұл жерде балалар мен жастардан бөлек, зейнеткерлерді де жиі кездестіресіз.  –Біздің заманымызда мұндай ареналар болмаған еді. Мына кешендерде барлық жағдай жасалған екен, ол өте қуантады. Кезінде мен мәнерлеп сырғанаумен айналысқан едім. Сол кезде біз далада дайындалатын едік. Жабық ареналар тек шет елдерде болатын. Ал қазір өсіп келе жатқан жастарға қызығасың, – деп арена қонақтарының бірі, зейнеткер Людмила Берестова өз ойымен бөлісті. Ол Halyk Arena-да көп уақыт болмағанын айтып, өз ризашылығын білдірді.  Айта кетер жәйт, бұл ареналар бір сеанста тек 250 адамды қабылдай алады. Жаппай сырғанау тек демалыс күндері қана болады, себебі жұмыс күндері ареналар толығымен жарыстар мен хоккей, мәнерлеп сырғанау, керлинг спортшы­ларының жаттығуларын қамтамасыз етеді.Сондай-ақ, осы кешендердің ішінде коньки қайрау сервистері мен тамақтану орталықтары да жұмыс жасайды. Мұз айдын­дарында ылғи да арнайы киім киген нұсқаушылар да қызмет атқарады. Олардың бағасы – 30 минут 1500 теңге. Ал жаппай сырғанау маусымы бұл кешендерде келесі жылдың көктеміне дейін жалғасады.

Назарларыңызға барлық сеанстардың уақыты мен кіру бағаларын ұсынамыз:

  • 11.00-ден 13.00-ге дейін. Балалар – 300 теңге, студенттер мен ересектер – 500 теңге. 
  • 13.30-дан 15.30-ға дейін. Балалар – 600 теңге, студенттер – 900 теңге, ересектер – 1100 теңге. 
  • 16.00-ден 18.00-ге дейін. Балалар – 600 теңге, студенттер – 900 теңге, ересектер – 1100 теңге. 
  • 18.30-дан 20.30-ға дейін. Балалар – 600 теңге, студенттер – 900 теңге, ересектер – 1100 теңге. 
  • 21.00-ден 23.00-ге дейін (сенбі күндері), 20.00-ден 22.00-ге дейін (жексенбі күндері). Балалар – 600 теңге, студенттер – 1100 теңге, ересектер – 1600 теңге.   

 

Конькилердің жалға беру бағалары:

* 11.00-ден 13.00-ге дейін. 34-өлшемге дейін – 500 теңге, 35-өлшемнен жоғарылар – 1000 теңге.

* 13.30-дан 15.30-ға дейін, 16.00-ден 18.00-ге дейін, 18.30-дан 20.30-ға дейін. 34-өлшемге дейін – 800 теңге, 35-өлшемнен жоғарылар – 1500 теңге.

   21.00-ден 23.00-ге дейін. 34-өлшемге дейін – 1000 теңге, 35-өлшемнен жоғарылар – 2000 теңге.

 

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы қаласы ДШжС басқармасының баспасөз қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *