«Ақылды» қаланың артықшылықтары көп

Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Смарт Сити» қалалық ортаны басқару жүйесінің тұжырымдамасын енгізуге ерекше мән қойды. Халықаралық тәжірибе бойынша «Ақылды қала» жүйесі қаладағы көшелерді жарықтандыруға берілетін электр энер­гиясын 60 пайызға дейін, коммунал­дық желілер мен жылуды қолдану қызметтерін 30 пайызға дейін, электр энергиясына жұмсалатын есеп-шоттарды 26 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.   «Ақылды қаланы» дамыту «Цифрлы Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарлама­сының бір бөлігі болып саналады. Үкі­меттің «Smart Сіty» жобасын енгізу жос­парында еліміздің 5 ірі  қаласы бар – Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбе.

Алматы қаласында «Smart Almaty»-ның 7 негізгі жобалық бағыты бар:

– Жайлы қала (көшелерде жаяу жүргінші жолдарын жасау, бақтар мен саябақтарды қайта жөндеуден өткізу);

– «Open Almaty» ( «бір терезе» прин­ципі бойынша Алматы қаласы әкім­шілігінің  қоғамдық қабылдауы);

– Тұрғындарға арналған қолжетімді сервис (Пәтер иелерінің кооперативінің онлайн режимде жұмыс істеуі, жылу және су магистральдарындағы ысырап мони­торингіне арналған ІoT датчиктерін қолдану);

– Ашық бюджет, Ашық деректер (almatygenplan.kz порталының жұмысы, Open Data-да бюджет жобалары мен есептерін жариялау);

– Зияткерлік Көлік жүйесі және Қауіпсіз қала (қаланың көлік желілерін бір жүйеге интеграциялау, қоғамдық көлік­терге жол жолақшаларын жасау, вело-дәліздер, тұрақтар және жаяу жүргінші жолдары, жолдар мен қоғамдық орындарды бейнетіркеу).

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *