«Ақшамның» жеңімпаздары жүлдеге ие болды

Әз-Наурыз мерекесі аясында «Алматы ақшамы» газеті де өзінің оқырмандарына сый жасап отыр. Алматыны жанындай жақсы көретін қала тұрғындары оның басты басылымы — «Алма­ты ақшамы» газетіне жазылуды өздеріне басты парыз  санайды.  Сондықтан жыл сайын баспасөзге жазылу науқаны кезінде де біздің тұрақты, көзіқарақты оқырмандарымыз өздері­нің газетке деген ыстық ықыластарын білдіріп,  бір жылға жазылғандары жөніндегі түбіртектерін жолдап отырады. Газет оқырмандарының мына бір ауыз сөзі бізге үлкен қуаныш сыйлады.

– Біз сый-сияпат үшін емес, газетке биыл да жазылғанымызды білдіру үшін сіздерге түбіртекті жолдап отырмыз, – деген екен патша көңіл оқырманда­рымыз.

Біз де сіздердің отбасыларыңызға бақ-береке, денсаулық, тек сәттілік тілейміз! Газет бетінде жолыққанша, оқырмандар!

Сонымен, «Ақ қайың» шипажайына тігілген үш жолдаманы Т.Бөдесова, Ж.Сұлтанғалиев, Г.Мусина, «Қазақстан шипажайына тігілген үш жолдаманы Т.Әжіғұлова, Ф.Омарбекова, Г.Алдажанова, «Жаңа­қорған» шипажайына тігілген екі жолдаманы Б.Дола­баев, Н.Жақаева ұтып алды.

Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының көрсетілімдерін тегін тамашалау үшін берілетін шақыру билетін Ф.Жүнісова, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының көрсетілімдеріне тегін кіру құқығы берілген шақыру билетін Т.Ғұмаров есімді оқырман иеленді.

Жүлделеріңіз құтты болсын!

Редакцияға хабарласып, қажетті құжаттарыңызды әкеліп өткізулеріңізге болады.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *