2019 жылдың сағаты соғылғанда 98 нәресте өмір есігін ашты

Негізі ырымшыл халықпыз ғой, жақсы сөз, жақсы хабар естісек, әйтеуір тфә-тфә тіл-көзден сақтасын деп қоятынымыз бар. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бір тәулікте өмірге келген нәрестелер туралы ақпаратын естігенде, дәл сол әдетімізбен Жаратқан санымызды көбейтсін, тфә-тфә дестік тағы. 2019 жылдың сағаты соғылатын 31-желтоқ­сан күні Алматы қаласының перзентханаларында 98 нәресте  өмір есігін ашып, 98 отбасы сәби сүю бақытына ие болып, бастарына бас қосылыпты. Жалпы, өткен жылды Алматы қаласы бойынша төл жылы болды деуге болады. Жаңа жыл кешінде 53 қыз, 45 ұл бала өмірге келген.

Қаламыздағы перзентханаларда орта есеппен тәулігіне 150-ден астам нәресте өмірге келсе, бір күнде қала емханаларына 5 мыңға жуық адам дәрігерлік тексеруден өтіп, 6 мың адам диагностикалық зерттеу жасатса, 70 мың зертханалық талдаулар жасала­ды екен. 300-ден астам адам күндізгі стационарларда ем қабылдап, мыңнан астам адам қала ауруханаларына жатқызылады екен. Бір күнде 300-ге тарта ота жасалса, оның 10-ға жуығы жоғары технологиялы күрделі оталар. Жедел жәрдем көлігі тәулігіне 1500 шақыруға шұғыл дәрігерлік қызмет көрсетеді. Әр шаңырақ Жаңа жылды қарсы алып, той тойлап жатқанда, қаламыздағы ауруханалардағы дәрі­гер­­леріміз адамның өмірі мен денсау­лығы үшін түн ұйқыларын төрт бөліп жұмыста болды. Түнде қалғымайтын бір мамандық иелері осы дәрігерлер болса керек. Есік ашып жатқан 2019 жыл ақ желеңді абзал жандарымыз үшін де құтты жыл болсын!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close