Жатақханаға деген қолжетімділік артады

Елбасымыз Н.Назар­баев­тың «Президенттің бес әлеу­меттік бастамасы» атты халыққа үндеуін  студент-жастар қауымы, оның  ішін­де  медицина саласына қа­жетті мамандар даярлай­тын елі­міздегі  тұңғыш  әрі  же­тек­ші оқу орындарының бірі болып саналатын С.Ж.Ас­фен­­дия­ров есімін иеленген  Қазақ Ұлттық медицина  уни­вер­ситетінің Жалпы ме­ди­цина факульте­тінің ұжы­мы мен студенттері зор ықы­ласпен қабылдай оты­рып, үндеу бағыттарын  тал­қылап,  өз пікірлерін біл­діру­­де.

Жарияланған «Әлеуметтік бес бастаманың» әр бағыты  халық үшін,  әсіресе, жастардың бола­шағы үшін жасалып отырған игілікті қадам, үлкен қамқорлық деп бағалаймыз.  Студент үшін ең басты қажеттілік жатақхана десек,  университетте қазірдің өзінде жеті жатақхана жұмыс істейді.   Оқу орнымен іргелес орналасқан жатақхана   студент­тер  үшін  өте қолайлы да тиімді. Жатақханада  интернет желісі жұмыс істейді.  Оқу залы,  дем­алыс бөлмелері қоса бар.  Ал келер оқу жылында тағы қосым­ша  тоғыз қабаттан тұратын екі жаңа Студенттер үйі пайдала­нылуға берілмек.  Атауының өзі айтып тұрғандай, бұл жаңа қоныста әрбір студент өзін үйінде жүргендей сезінетін болады. Онда асхана,  жаттықтыру залы,  кон­ференц зал,  интернет-сынып, медициналық пункт орналасатын болады. Осы үндеуде Елбасы  студенттерге арнап  75  мың орынды жатақхана салуды тап­сырғаны белгілі.

Шетелдік және отандық ғалымдарды  кеңінен тартумен қатар, әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық  және фармация­лық білім беру біліктілігін бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілетті ма­мандар дайындау бойынша Орта Азиядағы көш­басшы, иннова­циялы бағыттағы әлеуметтік жауапты    универси­тет­тердің бір­егейі болып табы­латын 88 жыл­дық тарихы бар оқу орнымызда бұл мәселе өз шешімін табатын­дығына сенім­діміз. Өйткені, университет басшылығы  студент-жастардың әлеуметтік мәселе­леріне айрықша көңіл бөліп отырады. Түптеп келгенде, бұл  бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға  жол ашатын маңызды шешім болып  отыр. Денсаулық сақтау саласына қа­жетті білікті де бәсекеге қабілетті  мамандар даярлайтын  ұлтымыз­дың жоғары мектебі тұңғыш­тарының қата­рын­дағы  С.Ж.Ас­фен­дияров атын­дағы Қазақ Ұлт­тық  меди­цина универ­ситетінде қазіргі таңда  оң мыңнан астам студент  «жалпы медицина», «стома­тология», «фарма­ция», «қоғамдық денсаулық», «мейір­бике ісі» маман­дықтары бойынша білім алуда. Сондай-ақ, шетелдік студенттерге арналған факультет бар. Уни­верситетімізде 15 мем­лекеттен келген шетелдік студент­тер білім алады. Ал универси­тетіміз 9  Халықаралық бірлестік­тердің мүшесі болумен  қатар, Жапония,  Сингапур, Германия, Италия,  Ресей, Литва, Украина, Австрия,  Қырғызстан сынды та­ғы басқа да  өркениетті мемлекет­тердегі ірі медициналық  оқу орындарымен, орталық­тармен   тығыз қарым-қатынас орнатқан.

 

Г. ҚАЙРАҚБАЕВА,

С.Ж.Асфендияров атындағы  Қаз ҰМУ-нің шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасының оқытушысы.

Жалпы медицина  факультетінің  22-02 тобының студенттері. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *