Қытайда су тасқыны болды

Қытайда су тасқыны болды
Сурет: Сtv.by

Апат айтып келмейді

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы су тасқынынан 2 миллионға жуық адам жапа шекті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Аспан асты елінде нөсер жауыннан 17 мыңнан аса тұрғын үй мен ғимарат бүлініп, 190 мың гектар егістік алқапты су басты.

Аймақ билігі табиғат апатымен күреске 50 миллион юань бөлді. Қаржы қирандыны қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Қазір табиғи апаттың салдарымен мыңдаған құтқарушы мен ерікті күресіп жатыр.