Жүргізушілер мен таксопарктер қанша табыс тапты?

Жүргізушілер мен таксопарктер қанша табыс тапты?
Сурет: ашық дереккөз

Еліміздің жүргізушілері мен таксопарктері биыл Яндекс тапсырысынан 400 млрд теңгеден астам пайда тапты.

Анығында, қаңтар-қарашада жүргізуші-серіктестер мен таксопарктер сервисіне қосылғандардың  жинақ табысы 400 млрд теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың 11 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, бір жарым есе артық, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  @Financekaz-ге сілтеме жасап.

Бұл сома жүргізушілер мен таксопарктердің еліміздің 20 қаласына жасаған сапарының нәтижесі, онда да мотивациялық бағдарлама мен сервистен комиссияны алып тастағандағы көрсеткіш. Осы жылы қазанда сервистің тапсырысын 200 мыңнан аса жүргізуші орындаған. Бұл былтырғыдан төрт есе көп. Бір қызығы, тасымал  жүргізушілердің басым бөлігінің негізгі жұмысы емес, қосымша табыс көзі. Жолаушы тасымалы жүргізушілердің төрттен бірінің ғана негізгі табысы саналады.

Сарапшылардың пікірінше, таксистердің табысы елдегі медиандық жалақы мөлшерінен екі есе артқан. Агрегатор арқылы тапсырыс қабылдаған жүргізушілердің табысы айына 493 мың теңге болғанын Urban Forum жазды. Сөйтіп не керек, Яндекс осы күні ерлеп тұр.  Айтпақшы, бұл компания Ресейден кетіп, Қазақстанға келеді деген қауесет бар.