Жұмысынан айырылған 94 мың адам әлеуметтік төлем алды

Жұмысынан айырылған 94 мың адам әлеуметтік төлем алды
Сурет: Kaz.nur.kz

Еңбекмині осылай деп мәлімдеді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 81,7 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

eGov.kz порталында авторизациялану;

«Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

бір күн ішінде тұрғылықты жердегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;

егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.