Жоғары білім алу үшін шетел асатындар саны азайды

Жоғары білім алу үшін шетел асатындар саны азайды
Сурет: Zhasatyrau.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО-да оқу үшін шетелге кететін оқушылар саны азайғанын мәлімдеді.

Министрдің мәліметіне қарағанда, қазақстандық ЖОО-лар әлемнің үздік 1000 ЖОО қатарына кірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Бізде шетелге кететін балалар саны айтарлықтай азайды. Мұны бірқатар өңірлерден байқап отырмыз. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Бүгінде Қазақстанда білім беру сапасы бәсекеге қабілетті, - деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, қазақстандық 16 ЖОО әлемнің 1000 үздік ЖОО қатарына енді.

ТМД елдерін қарасақ, тек екі жоғары оқу орны Топ-200 тізіміне кірді. Яғни бөлінген гранттар саны мен деректер - отандық білім беру сапасының бәсекеге қабілетті екендігінің дәлелі.