Жылудан да жымқырған

Жылудан да жымқырған
Сурет: Kp.ru

23 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталды.

Бүгінгі мәжіліс отырысында Жоғары есеп палатасының басшысы Наталья Годунова жылумен жабдықтау саласындағы менеджменттің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тексеріс барысында 23 млрд теңге көлемінде қаржылай бұзушылық анықталды.

Тексеру 47 мемлекеттік мекеме мен 44 табиғи монополия субъектісінде жүргізілді. 140 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты мен 480 миллиард теңге активтің игерілу тиімділігі тексерілді.

"Нәтижесі бойынша 23 млрд теңге көлемінде қаржылай бұзушылықтар (оның ішінде 6 млрд теңгесі бюджет қаражаты), 37 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 117 млрд теңге көлемінде экономикалық шығын мен жоғалған пайда анықталды", деді Наталья Годунова.

Жалпы 2020-2022 жылдар аралығында жылумен жабдықтау объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге 250 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 84 миллиард теңге бөлінді.

"Алайда бүгінде ресурстарды толықтыру «қауіпсіздік маржасын» және жылу-энергетикалық жүйенің ақаусыз жұмысын қамтамасыз етпейтіні баршаға аян. Бұл тозудың жоғары дәрежесінен көрінеді. ЖЭО жабдықтары республика бойынша орта есеппен 66% тозған. Жылу желілерінің тозуы – 54% болып отыр. ЖЭО жалпы санынан 76%-ының пайдалану мерзімі 50 жылдан асқан. 24%-ының пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан. ЖЭО-ның орташа қызмет ету мерзімі – 61 жыл", деді Наталья Годунова.

Ол апатты аялдамалар саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты. Тек олардың саны 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 22% өсті.