Жетісу ауданында 6 трансформаторлық подстанция орнатылды

Жетісу ауданында 6 трансформаторлық подстанция орнатылды
Сурет: ашық дереккөз

Қала тұрғындарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі әкімдіктің ерекше назарында.

Палладин – Павлодар - Боралдай көшелерінің квадратында жаңа 6 трансформаторлық подстанция орната отырып, 21,5 шақырым электр желісі жаңартылды. Бүгінде объектілерді пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Осы жылдың соңына дейін Кемел шағын ауданында ұзындығы 43,5 шақырым электр желісін жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстардың 70%-і орындалды, 1273 тірек және 8 трансформаторлық подстанция салынып, 6,5 шақырым кабель желісі, 30,5 шақырым әуе желісі тартылды. Бұл қалалық желілердің шағын аудан тұрғындарына толық қызмет көрсетуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді қала әкімі Е.Досаев.