Жапонияда бүгін 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

Жапонияда бүгін 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды
Сурет: 24

11 000 үйде электр жарығы жоқ.

Жапон теңізінің жағалауындағы  бірнеше аймақта және Хонсю аралының солтүстік-шығысында жауған қалың қар салдарынан 16 000 үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Tohoku Electric Power энергетикалық компаниясы хабарлады. 

Ниигата өңіріндегі 11 000 үйде электр жарығы жоқ. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жексенбі күні Жапонияның солтүстік-шығыс аймақтарында қалың қар жауды. Кейбір префектураларда, мысалы, Аомори, Ниигата, Фукусима және Ямагатада қардың қалыңдығы бір-екі метрге жеткен. 

Өңірлерде көлік қозғалысы да қиындаған. Кейбір бағыттағы пойыздар тоқтатылды.