Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінде жүлдегегер атанды

Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінде жүлдегегер атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Спортшы көрсеткен өнері үшін 80.04 балл алды

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Спортшы көрсеткен өнері үшін 80.04 балл алды.

Бұл оның жарысты қоламен аяқтауына мүмкіндік берді.

Бірінші орынды Даниэль Скотт (Аустралия) жеңіп алса, Марион Тхенолт (Канада) екінші болды.

Жанбота Алдабергенова — акробатикада өнер көрсетуші қазақстандық фристайлшы, әлем кубогы бірінші кезеңінің жүлдегері, Олимпия ойындарына үш мәрте қатысқан (2014 және 2018, 2022).

2015 жылғы әлем чемпионатының күміс, Еуропа кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Шымкент қаласының тумасы, қазір Алматыда тұрады.