Өзбекстан covid-19-ға қарсы күрес бойынша іс-шараларды күшейтпек

Өзбекстан covid-19-ға қарсы күрес бойынша іс-шараларды күшейтпек
Сурет: Gard.no

Республикалық арнайы комиссия карантинді қатайту туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтық пен жеке гигиена ережелерін сақтау бақыланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

Барлық ұйымдарда, ірі сауда орталықтарында, супермаркеттерде және ойын-сауық мекемелерінде келушілер дене температурасын өлшейді. Бірақ, негізгі назар халықты толық вакциналауға және ревакциналауға аударылды. Мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер тек екпе алғаннан кейін ғана жұмысқа және оқуға жіберіледі.