Зардап шеккен барлық қызметкерлерге күтім мен көмек көрсетіледі

Зардап шеккен барлық қызметкерлерге күтім мен көмек көрсетіледі
Сурет: интернеттен

"АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі осындай хабарлама таратты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Бұл – әріптестердің отбасы үшін, бәріміз үшін үлкен қайғы. Шахтада құтқару жұмыстары жалғасуда, 25 шахтер әлі табылған жоқ, 21-інің қаза тапқаны расталды. Жақындарынан айырылғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.

Компания өкілдері барлық зардап шеккен қызметкерлер кешенді күтім мен оңалту көмегін алатынын айтты.

"Біздің күш-жігеріміз дәл осыған, сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған", делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.