Ұлтаралық алауыздық пен сепаратистік әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген

Ұлтаралық алауыздық пен сепаратистік әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген
Сурет: Uralskweek.kz

Наурызбай ауданының прокуратурасы азаматтарға осы жайында ескертеді.

Ақпараттық кеңістікте және әртүрлі әлеуметтік желілерде пайдаланушылар арасында ұлтаралық алауыздық белгілері бар жалған жарияланымдар мен түсініктемелер жиілеп кетті.
Мұндай фактілер жалған қоғамдық пікірді тудырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке теріс әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлтаралық алауыздықты қоздыруға және жалған ақпаратты анық таратуға бағытталған әрекеттер ҚР ҚК 174, 180, 274-баптары бойынша көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Осыған байланысты азаматтар мен әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды арандатушылыққа берілмеуге және жоғарыда аталған құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге шақырамыз.