Urker-2023: Бәйге кімге бұйырды?

Urker-2023: Бәйге кімге бұйырды?
Сурет: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы Urker-2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

Бас бәйгені алуға 450-ден астам өтініш түскен. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. 

Urker-2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты: Лэйла Тастанова - Time.kz;

Жылдың үздік репортажы: Рәбиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz;

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Амангүл Тілейқызы - El.kz;

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация): Анна Величко - Golos-naroda.kz;

Жылдың үздік аналитикалық материалы: Меруерт Сарсенова - Kapital.kz;

Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Nege.kz;

Радиостанциядағы үздік жоба: Orda FM - Zhas STAR бағдарламасы;

Жылдың үздік фотосуреті: Валерий Бугаев;

Үздік өңірлік БАҚ: "Сыр бойы" газеті (Қызылорда облысы);

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы): "Қазақ елі" журналы (Түркия);

Үздік подкаст:OY-DETOX - Әйнел Әмірхан;

Үздік YouTube-канал: Абай Сейфоллаұлы - Abay Live;

"Қазақ" газетінің 110 жылдығына орай арнайы жүлде: "Ана тілі" газеті.

Үздіктерге Urker-2023 естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталды.