Түркістанда жаңа спорт кешені ашылды

Түркістанда  жаңа спорт кешені ашылды
Сурет: Оlympic.kz

Түркістанда «Олимпиада орталығы» заманауи спорт кешені ашылды

Ашық бассейні бар спорт кешенінде тек қана балалар мен жасөспірімдер үйірмелері жұмыс істеп қана қоймай, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар оқу-жаттығу жиынын өткізе алатын мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Ұлттық Олимпиадалық комитеттің вице-президенті Данияр Абулғазин спорт кешенін ресми ашты.

«Облысымызда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық басталып кетті. Сол мереке қарсаңында Түркістан қаласында көптеген әлеуметтік нысандар іске қосылып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Түркістан қаласын қайта жаңғырту, жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. 2,5 жылдың ішінде 400-де астам нысан салынды. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталық, тарихи, мәдени, турисік орталықтар бой көтерді. Түркістанның жаңа келбеті қалыптасып келе жатыр. Міне, осы даму жоспары аясында бүгін өте керемет спорт кешенін ашқалы тұрмыз. Бұл нысанды белгілі кәсіпкер Данияр Абулғазин өз қаражатына салып, Түркістанға тарту етіп отыр. Өздеріңіз көріп отырсыздар, мұнда спортты дамытуға барлық жағдай жасалған. Спорттың түр-түрімен жылдың 4 мезгілінде де үздіксіз айналысуға болады. Командалық ойын түрлері залы, 50 метрлік бассейні, медициналық орталығы өте жақсы жобамен салынған. Бұл кешен біздің жасөспірімдер, жастар үшін өте керемет сыйлық болды. Мінеки, арамызда күні кеше ғана әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосынов бауырымыз келіп отыр. Өңірімізден Сәкен сияқты чемпиондар шыға берсін!», - деді Өмірзақ Шөкеев.