Түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар күреуге шықты

Түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар күреуге шықты
Сурет: Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Алматыда 14 наурыз күні сағат 15:30-дан 15 наурыз сағат 5:00-ке дейін қалыңдығы 15 см қар жауды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар күреуге шықты.

148 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 1193 тонна қолданылады.

Сағат 20:30-дан 06:00-ге дейін жол патрульдік полиция көлігінің еріп жүруімен 16 баған қар күреді.

Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 520 м3, ал қыс бойы 367,8 мың м3 қар шығарылды. Таңғы "қарбалас сәттен" кейін қар шығару жұмыстары жалғасады.

Шағын көлемді 160 тротуар техникасымен тротуарлар мен жалпы аймақтар тазартылып жатыр.

Әлеуметтік маңызды нысандарға кіреберістер, қоғамдық көлік аялдамалары және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері күреліп жатыр.

Сағат 08.00-ден бастап 394 арнайы техника, оның ішінде 145 құм таратқыш, 169 тротуардағы қарды күрейтін техника мен 602 жұмысшы жұмылдыру жоспарланған.

"Қазгидромет" РМК болжауынша, күндіз ауа температурасы 0-… +2 градус аралығында, жауын-шашын түспейді.

 

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы