Туризм басқармасының басшысы тағайындалды

Туризм басқармасының басшысы тағайындалды
almaty-akshamy.kz

Ғалия Тоқсеитова Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы болып Тоқсеитова Ғалия Еланқызы тағайындалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ғалия Тоқсеитова 1991 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Тоқсеитова Ғ.Е. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.

Еңбек жолын 2013 жылы Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы қаржы басқармасының кірістерді орындау, қарызға қызмет көрсету және кредит беру бөлімін басқарды.

2019 жылдан бастап күні бүгінге дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.