TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны басталды

TURAQTY JOL  Ұлттық әлеуметтік эконауқаны басталды
Сурет: Самат Құсайынов

Алматы қаласы Түрксіб ауданының Aspan паркінде ағаштар отырғызу бойынша символикалық мәні бар іс-шара аясында V TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны іске қосылды.

Алматы қаласының көптеген тұрғындарын жұмылдыратын іс-шараның мақсаты – тұрақты дамуды ілгерілетуге жәрдемдесу және жас ұрпақ арасында экологиялық сананы арттыру арқылы туған өлкені таза ұстау және қоршаған ортаға пайда әкелу.

Turaqty jol – мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын бастама.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара аясында 100-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды.

Аталмыш эконауқан аясында Республикалық экологиялық идеялар мен жобалардың фестивалі басталғанын айта кету керек. Оған 16 мен 35 жас аралығындағы жас экологиялық белсенділер шақырылды.

«Тuraqty jol жобасы экологиялық таза ортаны құруға және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталған бірегей бастама болып саналады. Осы эконауқан арқылы өскелең ұрпақтың жадына экосананы сіңіргіміз келеді», – дейді ұйымдастырушы Айсана Мирам.