Төтеншеліктер 8 күн арпалысқан өрт өшірілді

Төтеншеліктер 8 күн арпалысқан өрт өшірілді
Сурет: 24.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы қамыс өрті толығымен сөндірілді.

Қызыл жалын 2500 гектар жерді шарпыған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай департаменті, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органның 58 қызметкері, 8 тәулік бойы отпен арпалысты. Тілсіз жау бүгін сағат 11:00-де жойылды.