Tesla 2 миллион көлігін кері қайтарып жатыр

Tesla 2 миллион көлігін кері қайтарып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Илон Масктың Tesla компаниясы америкалық реттеуші компания көліктерінің автоматты басқару жүйесіндегі қауіпті ақауларды анықтағаннан кейін екі миллионнан астам электр көлігін кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бұған автопилот қосулы кезінде көліктерде болған апаттарға қатысты екі жылдық тергеу себеп болды.

Кері қайтару 2015 жылдан бері АҚШ-та сатылған, автопилотпен жабдықталған барлық Tesla көліктеріне қатысты.

Бұл - Tesla көліктерінің биылдыққа екінші рет кері қайтарылуы.

Иелеріне көліктерін сату және қызмет көрсету орталықтарына апарудың қажеті жоқ: Компания бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қажетті микробағдарламаны интернет арқылы тікелей электр көліктерінің борттық компьютерлеріне жіберетінін айтты.

Алайда, бұл бәрібір ресми түрде кері қайтару болып саналады.