Тәрбие - талбесіктен

Тәрбие - талбесіктен
Сурет: Самат Құсайынов

«Тәрбие – талбесіктен» демекші, Тәуелсіздік күніне орай, №183 бөбекжай-балабақша шаңырағында балаларға арналған танымдық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл кештің басты ерекшелігі – балаларды Отанды сүюге, рәміздерді қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеудің түпқазығы іспетті болды деуге болады.

– Топ тәрбиешілері бұл күні бүлдіршіндерге ел тәуелсіздігі үшін алаңға шыққан аға-апаларының ерлігі туралы айтып берді. Сахналық қойылым қойып Ләззат, Сәбира, Қайрат пен Ербол сынды аға-апаларының күрес жолында көрсеткен
ерлігінен мағлұмат берді. Мерекелік іс-шараға қатысқан атааналардың ризашылықтары да ерекше болды, – дейді балабақша меңгерушісі Ғалия Асқарқызы.