Студенттердің өмір сапасы әңгіме болды

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында студент- жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бағытында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асырудағы проблемалық мәселелерді талқылау бойынша Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов және жоғары оқу орындарының проректорлары қатысты.

ҚР БҒМ жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ студенттік жатақханаларының опера­торлық департаментінің директоры Б.Әлім­жанов биылғы  жылдың 24 қаңтарынан бастап күшіне енген жоғары оқу орындары жатақ­ханаларының құрылысын қаржыландыру бағытында енгізілген өзгерістермен таныс­тырды.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 167 мың адам контингенті бар 39 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Олардың 106 мыңнан астамы басқа қаладан келген студенттер.  96 жатақ­ха­нада 31 мыңнан астам студент тұрып жатыр.

Алматы қаласында жатақханалардың нақты қажеттілігі 39 ЖОО-да, ал сараптама мен талдау қорытындысы бойынша 27 мың орынды құрап отыр.

– «Елбасының бес әлеуметтік бас­тамасы» шеңберінде бүгінгі таңда жоғары оқу орын­дарының өз қаражаты есебінен 1737 орындық 5 жатақхана пайдалануға берілді. ҚазИТУ – 400 орын, ҚазҰТЗУ – 400 орын. Сәтбаев – 265 орын, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – 512 орын, Каспий универси­тетінде – 200 орынға жатақхана салынды,  оның  ішінде ЕТУ-да 360 орынды 1 жатақхана жаңартылды, – деді Ренат Бекбергенов.

Кездесу барысында қатысушылар мем­лекеттік сараптауды қарастыру мер­зімдері, қаржыландыру және мердігерлік ұйым­дардың жұмыс сапасы туралы мәселелер бойынша сұрақтар көтерді.

Отырыс қорытындысы бойынша комис­сия мүшелері тиісті орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге дауыс берді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *