«Странджа» кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты

«Странджа» кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты
Cурет: Olympic.kz

Бокстан Болгарияда өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға, екі боксшы ширек финалға шықты.

48 келідегі Санжар Тәшкенбай италиялық Леонардо Эспоситоны 5:0 есебімен ұтса, осы салмақтағы Даниял Сәбит ресейлік Эдмонд Худоянға жол берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

51 келідегі Дамир Әбдіқадыр мен Тимур Қабдешов тиісінше Ұлыбритания мен Испания боксшыларын ұтты. 

60 келідегі Василий Самчук германиялық Мұрат Йылдырымға есе жіберді. Ал 71 келідегі Ермахан Жакпеков жерлесі Қуан Қуатовты 3:2 есебімен жеңді. 

75 келідегі Нұрқанат Райыс италиялық Фратарели Манфредиді 5:0 есебімен ұтса, Нұрлан Сапарбай испаниялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.