Шөлде жатқан бала кім?

Шөлде жатқан  бала кім?
www.instagram.com

Қытай жерінде орналасқан Гоби шөлінде алып бала «ұйықтап» жатыр.

Бұл «Жердің ұлы» мүсіні деп аталады екен. Шынайы балаға қатты ұқсайтын мүсіннің ұзындығы – 9 метр, биіктігі – 4 метр. Осындай алып баланы жасаушылардың ойы «біз бәріміз жердің баласымыз, сондықтан Жер-Анаға әрдайым ризашылығымызды білдіріп отыруымыз керек» дегенге саяды.

Сондай-ақ, сол арқылы табиғатты аялауға шақырып отыр. Алып баланы тәтті ұйқысынан оятып алмай жасап шығу процесі оңайға соқпаған. Өйткені, мүсін өте үлкен. Оны жасау үшін 3D технологиясы қолданылған.

Жергілікті билік мүсінді кедергісіз тасымалдау, құрылыс жұмыстарын ойдағыдай қамтамасыз ету үшін жақын жерге жол салған. Сөйтіп, тәтті ұйқыдағы сәби Гоби шөліне аз уақыт ішінде-ақ сан мыңдаған туристі тартып үлгерді. Қазір бала жатқан маң туризм аймағына айналып кетті