Шымкент мұнай өңдеу зауыты жұмысын уақытша тоқтатады

Шымкент мұнай өңдеу зауыты жұмысын уақытша тоқтатады
bainews.kz

3-14 шілде аралығында Шымкент мұнай өңдеу зауыты жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ьalmaty-akshamy.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанармай тапшылығын болдырмау үшін Атыраудағы зауыт өндіріс көлемін ұлғайтып, АИ-95 бензинін 45 мың тоннаға дейін көбейтеді. Ал АИ-92-нің қазір елде 357 мың тоннасы бар. Бұл 23 күнге жетеді. Бұл жетпесе тауар Ресейден импортталуы мүмкін.

Өзге жанармайлардың қоры да алдағы екі аптадағы сұранысты жаба алады, делінген Энергетика министрлігінің баспасөз хабарламасында.