Шетелге шығуға тыйым салынғанын мобильді қолданбадан біле аласыз

Шетелге шығуға тыйым салынғанын мобильді қолданбадан біле аласыз
Сурет: интернеттен

Қолданбаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.

Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

АІЖО ААЖ ел азаматтарына атқарушылық іс жүргізу саласындағы сенімді ақпаратқа ыңғайлы әрі қолжетімді. Жоба мемлекеттік органдардың жүйелерімен біріктірілген.

Пайдаланушылар үшін мынадай қызметтер қолжетімді:

Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.

Елден шығуға уақытша тиым салу мен шектеулерін тексеру.

Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)

Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.

QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу.

"Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру міндетін қойған еді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Digital Justice жобасының портфелінің шеңберінде АІЖО ААЖ мобильді қосымшасы әзірленді және оған ешқандай бюджет қаражаты жұмсалған жоқ", деді Әділет министрлігіндегілер.