Шеберлік жаттығуын өткізді
«Қауіпсіздік сервисі – СИЗ орталығы» ЖШС өрт сөндіргіш және өрттен қорғау құралдарының алматылық өндірушісі сауда орталықтарының, қонақүйлер мен өнеркәсіп нысандарының өкілдеріне өзінің өнімін нақты қолдану бойынша шеберлік жаттығуын өткізді.
Кәсіпорын Кәсіпкерлікті қолдау картасының қатысушысы және Алматыдағы мұндай өнімнің бірден-бір өндірушісі болып табылады. Бұдан басқа, компания «SF+BІO» бренді бойынша өрттен қорғау құрамдарын өндіру кезінде «жасыл технологияларды» пайдаланады. Оларды кез-келген кеуекті бетті: жай ішілік қабырғадан бастап, төсек-орын жабдықтарына дейін өрттен қорғаудың өңделімі ретінде пайдалануға болады.
Өрт сөндіру саласында инновациялық технологияны әзірлеген Андрей Битнеровтың айтуынша, өрттен қорғау құрамы өрттің барлық түрін сөндіре алады. Бұл ретте, «SF+BІO» топыраққа түскеннен кейін инновациялық өнім оның құнарлылығын арттырады және топырақты қалпына келтіру уақытын жеделдетеді. «SF+BІO» өрт сөндіру қабілеті судың сөндіру қабілетін 10-15 есеге арттырады.
Әзірлемеші өнім тұтынудың кең ауқымына көзделгенін айтып отыр. Негізгі пайдаланушылар деп ол ТЖМ, армияны, орман шаруашылықтарын, ағаш өңдеуші кәсіпорындарын, қонақүйлерді, емханаларды, білім беру мекемелерін және т.б. атап өтті.
Шеберлік жаттығуларын өткізгеннен кейін «Қауіпсіздік сервисі – СИЗ орталығы» ЖШС өзінің өнімін өндіру және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компаниясына жеткізу үшін кәсіпкерлік нысандарымен және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС шарттар жасасуға ниеті барын атап өтті.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және
индустриалды-инновациялық даму басқармасы.