Шахтада зардап шеккен кеншілердің жағдайы қалай?

Шахтада зардап шеккен кеншілердің жағдайы қалай?
Сурет: Рrimeminister.kz

Түрлі жарақат алған бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 28 адам жеткізілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дәрігерлер Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты.

Газдан уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Жансақтау бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр. Жағдайы тұрақты. Есін біледі.

Бір адам травматологияда жатыр, жағдайы орташа. Екі кенші Шахтинскінің орталық ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр.

Төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.