Санитарлық талапқа сай емес

 

Алматыны абаттандыру мақсатында қалада атқарылған шаруа көп. Дегенмен, кейбір жұмыстар қала тұрғындарының көңілінен шықпай тұр. Мәселен, М.Төлебаев көшесінің тұрғындары аулаға абаттандыру жұмысын жүргізген мердігерлердің жұмысына риза болмай отыр. Айтуларынша, аулаға орнатылған мына орындықтар (суретте) ешқандай санитарлық талапқа сай емес.

Негізінде, көпшілік пайдаланатын мұндай орындықтардың айналасы түгел асфальтталып немесе брусчатка төселуге тиіс еді. Жаңбыр жауса батпағы шығатын лас жерде балаң ойнай алмайды, қартың отыра алмайды. Себебі, аяқ киім былғанады дейді тұрғындар. Ол-ол ма, жалпы, ағаш сапасын жақсы ажырата алатын тұрғындар орындыққа пайдаланылған ағаштың да сапасы мәз емес екенін айтады. Қарағайды кептірместен жасаған әрі жұқа. Сол себепті, олар бір жылға жетпестен қирап жатқанға ұқсайды. Дәл осындай сапасыз жұмыс №17 үйдің маңайында да бар. Жауапты мамандар бұл үйдің маңына өткен жылы «газон төсейміз» деп уәде беріп кекен. Сол кеткеннен мол кетті. Әлі орындамады.

Мәселенің мәнін білмекке Медеу ауданы әкімдігіне хабарластық. Жергілікті атқарушы органдағы мамандар: «2020 жылы «ПМК-7К» ЖШС деп аталатын мердігер компания 18 аулаға абаттандыру жұмыстарын жүргізген болатын. Жұмыстарын уақытылы аяқтамаған жәні сапасыз атқарылған жұмыстары үшін аудан әкімдігі аталмыш компанияның үстінен сотқа шағым түсірген.  Бүгінде сот ісі жүріп жатыр» деп жауап берді.

Осы жерде мынадай сұрақ туындайды. Сонда мердігер компаниялар тендер ұтып аларда қандай жұмыстарды жүзеге асырамыз деп ойлайды екен. Сапасыз жұмыстың астарында «бармақ басты, көз қысты» тірліктердің орын алып жатуы бек мүмкін ғой. Ойланатын-ақ жәйт…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *