Ұшқышсыз ұшу аппараты жарысында еліміздің әскерилері жеңіске жетті

Ұшқышсыз ұшу аппараты жарысында еліміздің әскерилері жеңіске жетті
Сурет: Inform.kz

«АрХО-2021» халықаралық ойындары

Армия халықаралық ойындары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Еліміздің әскери қызметшілері ұшқышсыз ұшу аппараттары арасындағы «Сұңқар аңшылығы» және минаатқыш есептоптарының «Артиллериядан оқ ату шеберлері» жарыстарында бұлтарыссыз жеңіске жетті. 

«Сұңқар аңшылығы» конкурсында Беларусь, Иран, Қазақстан және Ресей ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптары қатысты. Бұл сайыста екінші орынды Беларусь, үшінші орынды Ресей командалары еншіледі.