Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық шешімдер талқыланды

Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық шешімдер талқыланды
Сурет: ашық дерекөз

Астанада Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық технологиялар нарығына қатысушылармен және екінші деңгейдегі банктермен кездесуі өтті.

«Салық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық шешімдер» тақырыбы IT-компаниялар және екінші деңгейдегі банктер өкілдерімен кездесуде талқыланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Іс-шара аясында екінші деңгейдегі банктер мен IT-компаниялар озық технологияларды пайдалана отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.