Сәбит  ОРАЗБАЙ, Қазақстанның халық әртісі: АЭС мәселесі референдум арқылы шешілетіні өте орынды шешім

Сәбит  ОРАЗБАЙ,  Қазақстанның халық  әртісі: АЭС мәселесі референдум арқылы шешілетіні өте орынды шешім
massaget.kz

Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша, Мемлекет басшысының  Жолдауын жыл күткендей күтеміз. Жағымды жаңалық тосамыз. Еліміздегі экономикалық саясаттың жаңаша қарқын алуы тұрғысында жасалып жатқанна игі шаралар қарқындай түсе ме деп үміттенеміз.

Менімше Ауқымды инфрақұрылымдық серпіліс жасау арқылы өңірлердің де дамуына жаңа тыныс беру көзделіп отыр.олдауда мемлекетіміздің келешегін жақсартып, қуаттылығын арттыру жөнінде көңілге қонымды көкейде жүрген көп мәселе айтылды.

Солардың бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйелі механизмдері көрсетілді. Салық мәселесі жиі-жиі көтеріліп жүр еді, бәріне бірдей түсінікті, ашық, әділетті салық саясатын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, бизнес климат қалыптастыруға үлкен мән берілді. Оның  инвестиция тартуға қолайлылығын да ескерген.

Қоғамда үлкен пікірталас тудырып жүрген тақырыптың бірі де күрделісі – атом электр стансасын салу мәселесі болатын. Жолдауда ол маңызды мәселе халықтың қатысуымен референдум арқылы шешілетіні айтылды. Бұл өте орынды шешім деп ойлаймын өз басым.

Үйде отырсақ та аңғарып, атқарылып жатқан шаруаларға мән беріп  отырамыз. Ауқымды инфрақұрылымдық серпіліс жасау арқылы өңірлердің де дамуына жаңа тыныс беру көзделіп отыр.

Еліміз қазір саяси реформадан экономикалық реформаға көшіп жатыр. Демек экономиклаық серпіліс жасайтын уақыт келді деген сөз бұл. Әрине, қуантатын көптеген жағдай бар. Тиісті 2 министрліктің құрылатыны, басқа да шенеуніктердің ауыс-түйісі жақсылықтың нышаны сияқты көрінеді маған.