Румынияда "дельта" штамы өршіп тұр

Румынияда "дельта" штамы өршіп тұр
Сурет: Tass.ru

Тіпті елдің ауруханаларында орын жоқ

Бір тәулікте коронавирусты 19 мыңға жуық адам жұқтырып, індеттен 300-ден астам адам қайтыс болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Румыния қазір індеттен қайтыс болушылардың саны бойынша әлемде алғашқы орында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Эпидахуалдың нашарлауына халықтың екпеге сенімсіздік танытып, салдыртпауы себеп дейді мамандар.

Кісі өлімі көбейгеннен кейін, соңғы екі күнде тұрғындар вакцина салдыртуға ағылып жатыр. Бір тәулікте екпені 150 мыңнан астам адам алған. Қазір ел ауруханаларында орын жоқ. Науқастар Венгрия, Польшаның емдеу мекемелеріне жатқызылуда. Еуроодақ елдері Румынияға дәрі-дәрмек, тыныс-алу аппараттарын жіберіп, қолдау көрсетіп жатыр.

«Пандемияның бұл толқынынан қатты зардап шегіп жатырмыз. Ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатқандардың дені - екпе алмағандар. Сондықтан халыққа айтарымыз - жалған ақпаратқа сенбей, екпе салдыруға асығыңыздар. Бұл дағдарыстан шығудың жалғыз жолы - вакцина», - дейді екпе орталығының дәрігері Йона Луминица.