Республика күні – елдігіміздің белгісі

Республика күні – елдігіміздің белгісі
Сурет: Almaty.tv

«Елімізді есепсіз сүю керекпіз». Қазақстан Республикасының Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ел болу, еңсе көтеру – Республика деген ұғымды білдіретінін айтты, деп хабарлайды almaty.akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

- Елімізді есепсіз сүю керекпіз. Өйткені бұл сонау ықылым заманнан бері келе жатқан ата-бабамыздың арманы болатын. Ел болу, еңсе көтеру - Республика деген ұғым сол. Қазір құдайға шүкір, бүкіл дүниежүзіне атымыз мәлім елміз. Барлығы бізді мойындайды, бізбен санасады. Аллаға шүкір, аспанда желбіреген көк туымыз бар. Еліміздің Президенті бар, елжанды, ұлтжанды азаматтарымыз бар. Шүкір етеміз, - деді ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.