Ресейлік иммунологтар «омикронның» қорқынышты ерекшелігін анықтады

Ресейлік иммунологтар «омикронның» қорқынышты ерекшелігін анықтады
Сурет: Ria.ru

Аталған штамның тасымалдаушысы бір рет түшкіргенде, бірден 100-ге жуық адамға инфекция жұқтыруы мүмкін екен.

Иммунолог маман Владимир Болибок осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ria.ru сайтына сілтеме жасап.

«Осы уақытқа дейін бізде мұндай жұқпалы ауру болған емес. Қызылша ең жұқпалы ауру болып саналды, бірақ «омикрон» бұл жағынан одан да асып түсті», - деді Болибок.

Оның айтуынша, вирус ауа тамшылары арқылы өте тез таралады.

«Менің ойымша, басқа адамға вирус жұқтыру үшін тіпті сөйлесу, қарапайым тыныс алу мен есінеудің өзі жеткілікті. Бір адамның жөтелуі немесе түшкіруі бірден жүз адамға жұқтыруға жетіп жатыр», - деді Болибок.

Дәрігер "омикронның", әсіресе, балалар үшін қауіпті екенін айтты.