Ресейде Facebook және Twitter желілері бұғатталды

Ресейде Facebook және Twitter желілері бұғатталды
Сурет: Informatique Mania

Ресейліктер соңғы бірнеше күнде Facebook желісіне кіруде қиындықтарға тап болғанын айтады.

"Роскомнадзор" бұл шешімді кеше қабылдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Starhit.ru сайтына сілтеме жасап.

Роскомнадзордың ресми сайтында Ресей тұрғындарының әлеуметтік желіні пайдалана алмайтындығы туралы жаңалық пайда болды. Ведомство өздерінің неге мұндай қатаң шараға баруға мәжбүр болғанын түсіндірді.

«2022 жылдың 4 наурызында Ресей Федерациясында Facebook желісіне (Meta Platforms, Inc. компаниясына тиесілі) кіруге тыйым салу туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың қазан айынан бері Facebook тарапынан ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарды кемсітудің 26 оқиғасы тіркелді. Соңғы күндері әлеуметтік желіден "Звезда" телеарнасы, "РИА Новости" ақпараттық агенттігі, Sputnik, Russia Today, Lenta.ru және Gazeta.ru ақпараттық ресурстары сияқты аккаунттарға кіру шектелген.

Жоғарыда аталған шектеулерге «Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын, Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға қатысы бар адамдарға ықпал ету шаралары туралы» № 272-ФЗ Федералдық заңымен тыйым салынады, сонымен қатар ақпараттың еркін ағынының бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданған, ресейлік пайдаланушылардың шетелдік интернет-платформалардағы ресейлік БАҚ-қа кедергісіз қол жеткізуінің негізгі қағидаттарына сәйкес», - деп атап өтті "Роскомнадзор" өкілдері.

Біраз уақыттан кейін Twitter желісін тоқтату туралы да белгілі болды. Басқа танымал әлеуметтік желілер – Instagram, Telegram-ға келетін болсақ, олар әлі де жұмыс істеп тұр. Бір айта кететіні, көптеген ресейлік жұлдыздар ВКонтакте аккаунттарын белсенді түрде «жандандырып» жатыр.