Президенттің бағытын толық қолдаймыз

Президенттің бағытын толық қолдаймыз
almaty-akshamy.kz

— Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Әдеттегідей бұл құжатта осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды.

Президент бұл Жолдауында да көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталды. Менің ойымша, мемлекет басшысы өз Жолдауында халықты толғандыратын барлық өзекті мәселені қамтыды. Мәселен елде ең төменгі жалақы өсетін болды. Президент азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Сондай-ақ 5 жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің енгізілетіні қуантты. Бұдан өзге су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, игерілмеген жерлерді қайтару және тағы басқалар. Цирфландыру бойынша бірқатар мәселе көтерілді. Бүгінгі күннің өзінде көптеген қызметті үйде отырып-ақ алуға мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз – даму мен алға жылжудың айқын көрінісі.

Біз Президенттің бағытын толық қолдаймыз. Жалпы жолдауда айтылған барлық міндеттер – бұл елдің дамуына тың серпін беретін уақытылы шаралар деп білемін. Қорыта айтар болсам, бұл Жолдау қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауабын берді деп есептеймін.