Патшайым бизнеске кірісті

Патшайым бизнеске кірісті
life.ru

100-ге таяған ІІ Елизавета патшайымның өмірге құштарлығы сонша, ол өзінің жеке бизнесін ашты.

Ұлыбритания патшайымы енді зерікпейді. Өзінің 96 жасында ІІ Елизавета тұздықтар өндірумен айналыспақшы болып жеке бизнесін ашты. Жасы 100-ге таяса да, кәсіпке қызығушылық танытқан кейуананың бұл шешімі көпшілікті таңқалдырды.

The Sun порталының хабарлауынша, патшайымның кетчупі таңғы асқа немесе күннің кез келген уақытында қолдануға өте ыңғайлы және ол құрма, алма шырыны мен дәмдеуіштермен хош иістендірілген. Ал қоңыр соусы стейкке арналғандай, оның құрамы сірке суы мен дәмдеуіштермен толықтырылған. Барлық дәмдеуіштер Норфолктегі Патшайымның иелігінде дайындалған және тек таңдаулы ингредиенттерден тұрады. Сатылымға шығатын уақыты әзірге белгісіз.

Айтпақшы, бұл патшайымның алғашқы кәсібі емес. 2020 жылы ол виски жасайтын өзінің алкогольдік брендін шығарған болатын.

Биыл ақпан айында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның билікке келгеніне 70 жыл толды.

Дайындаған Әсел ДАҒЖАН