Парламенттік комиссияның құрамы бекітілді

Парламенттік комиссияның құрамы бекітілді
almaty-akshamy.kz

Қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссияның құрамы бекітілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бірлескен комиссияның төрағасы болып Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сайланды.

“Парламент регламентінің 88 тармағына сәйкес, бірлескен комиссияның төрағасы палаталардың бірлескен отырысында сайланады. Аталған комиссияның төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың ұсынамын”, - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Комиссия құрамына Сенаттан ұсынылғандар: Мәулен Әшімбаев, Ольга Перепечина, Асқар Шәкіров, Сүйіндік Алдашев, Нұртөре Жүсіп, Әли Бектаев, Нұрлан Құдияров, Сергей Карплюк, Ақмарал Әлназарова.

Мәжілістен: Альберт Рау, Нұртай Сабильянов, Аян Зейнуллин, Павел Казанцев, Асхат Рахымжанов, Асқар Садықов, Ерлан Стамбеков, Гауһар Танашева, Динара Шүкіжанова.