Өткен жылыту маусымында апат көп болған

Өткен жылыту маусымында апат көп болған
Сурет: Kazpravda.kz

Жабдықтардың тозуына байланысты басқа да ақаулар табылды.

Үкімет басшысының айтуынша, өткен жылыту маусымында апаттардың саны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми ресурсына сілтеме жасап.

Соның кесірінен тіпті ірі қалалардың өзінде жылу энергиясының жетпей қалуынан орташа температураны төмендетіп беруге тура келді. Негізгі жабдықтардың тозуына байланысты басқа да инфрақұрылымдық ақаулар орын алды.

«Мұның барлығы тұрғындардың орынды наразылығына алып келді. Кейбір өңірлерде көмірді уақытылы жеткізіп беру проблемаға айналды. Бұл - жыл сайынғы жүйелі жұмыс. Онда ешқандай іркілістер мен кемшіліктер болмауы тиіс еді», - деді Премьер-Министр.