Өскеменде екінші шілдеден бастап жолақы бағасы көтеріледі

Өскеменде екінші шілдеден бастап жолақы бағасы көтеріледі
Сурет: Ашық дереккөз

Жол ақысын электронды төлеу жүйесі 2021 жылы енгізілген

Жолаушылар қоғамдық көлікте қолма қол 130 теңге, ал карта немесе QR-код арқылы 90 теңге төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар картамен немесе 65 теңге төлеуі тиіс. Өскемен қаласында жол ақысын электронды төлеу жүйесі 2021 жылы енгізілген. 

«Сараланған тарифті бұдан ертерек іске қосуды жоспарлағанбыз. Тұрғындардың өтініш-тілегін ескеріп, кейінге шегердік. Бұл жүйе жолаушыларға тиімді болады деп ойлаймыз. Ешқандай қиындығы жоқ. Карталарды қаладағы 50-ға жуық сауда нүктесінен сатып алуға мүмкіндік бар», - дейді  «Өскемен қалалық жолаушылар тасымалдау орталығы» ЖШС директоры Нұрсұлтан Кәрібеков.